/KASE, 28.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 тамызында өткен
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- таза кірісті бөлмеу, сонымен қатар компанияның жай акциялары
бойынша дивидендтер төлемеу.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_210823_111.pdf
[2023-08-28]