25 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

25.08.23 09:58
/KASE, 25.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 25 тамызынан бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін, NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 07 қыркүйегiне көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 11 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2023-08-25]