"Қаражыра" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

23.08.23 17:26
/KASE, 23.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қаражыра" АҚ (Семей) 2023 жылдың 11 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік бекітілсін; - компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу және таза кірісті компанияның иелігінде қалдыру. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_results_110823_25.pdf [2023-08-23]