"R-Finance"микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010036 (MFRFb8)
облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
23.08.23 11:33
/KASE, 23.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың
22 тамызында "R-Finance" микроқаржы ұйымы "ЖШС (Астана) KZ2P00010036 (1 000 теңге,
1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%) облигациялары баламалы
алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan
Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFRFb8 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі
күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-08-23]