Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 25 тамызда болатын МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізіледі

23.08.23 08:45
/KASE, 23.08.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін (Астана қ.уақыты) хабарлайды. ---------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: МЕККАМ-12 ISIN: KZK100000290 Шығарылымның реттік нөмірі: 0154 / 012 KASE сауда-саттық коды: MKM012_0154 Номиналды құны, теңге: 100,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, 1 204 573 064 дана: Айналысқа жіберу күні: 13.03.23 Айналыста болудың соңғы күні: 12.03.24 Өтеу мерзімі: 13.03.24 Айналыста болу мерзімі: 366 күн Уақыттық базасы: actual / actual ----------------------------------------------- ---------------------- Сауда-саттық күні: 23.06.23 Өтеуге дейін мерзімі: 203 күн Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 40 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00 Кесім уақыты: 23.08.23, 15:00 Төлеу күні және уақыты: 25.08.23 Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің қанағатандыру тәсілі: мөлшеріне пропорционалды Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімдеу бағасына тең әдісі: немесе сатушы үшін неғұрлым тиімді болып табылатын, шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі орташа сараланған баға бойынша ---------------------------------------------------------------------- *Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/gsecs/show/MKM012_0154/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-08-23]