/KASE, 18.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
21 тамызындан бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы)
KZ2P00009970 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBKb2;
1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 10.08.23-10.08.33; жартыжылдық купон,
жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы
ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/RGBKb2/.
[2023-08-18]