/KASE, 17.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылдың 15 қыркүйегінде сағат
11:30-да оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын,
күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "KEGOC" АҚ жарияланған акцияларының санын
ұлғайту туралы" мәселе болып табылатынын KASE-ге хабарлады.
Жиналыс туралы толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_info_150923_5445.pdf
[2023-08-17]