"BRBAPK" ЖШС KZ2P00009905 (BRBKb1) облигациялары Қазақстан қор биржасында балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

16.08.23 19:05
/KASE, 16.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 16 тамызда "BRBAPK" ЖШС (Алматы) KZ2P00009905 (1000 теңге, 500,0 млн; 5 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 20,5%); 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі дебюттік шығарылымы болып табылады "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялайтын купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі жылдық 14,5 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6 % құрайды. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні және KASE-де көрсетілген облигациялардың сауда-саттығын ашу туралы қосымша хабарланатын болады. "BRBAPK" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға BRBKb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "BRBAPK" ЖШС қызметінің негізгі түрі-аралас ауыл шаруашылығы. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-08-16]