18 тамыздан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигациялары Т+ Тізіміне енгізіледі

16.08.23 16:17
/KASE, 16.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 18 тамызынан бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00009843 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb13) облигацияларын қосу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-08-16]