"Алтыналмас АК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

14.08.23 17:16
/KASE, 14.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алтыналмас АК" АҚ (Алматы) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE хабарлады: - шығарылды: Қанашев Д.Б. – Директорлар кеңесінің мүшесі; - сайланды: Жұманбаев В.В. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Scott Douglas Morrison – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, David Connal Cather – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маханов Б.Б. – Директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Алтыналмас АК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы төрт адамнан тұрады: Жұманбаев В.В., Scott Douglas Morrison, David Connal Cather, Маханов Б.Б. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_board_changes_310723_1772.pdf [2023-08-14]