/KASE, 10.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы)
2023 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 12:00-де келесі күн тәртібімен оның
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ке
хабарлады:
- банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту туралы;
- банктің 2023 жылға арналған жеке және шоғырландырылған қаржылық
есептілігінің аудиті бойынша қызметтер көрсету жөніндегі аудиторлық
ұйымды анықтау туралы;
- банктің директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылды
–
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_100823_1.pdf
[2023-08-10]