KASE Басқармасының құрамы өзгертілді

07.08.23 18:28
/KASE, 07.08.23/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) шешімімен 2023 жылдың 08 тамызынан бастап KASE Басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді: - Басқарма төрағасының орынбасары Хорошевская Наталья Юрьевна басқа жұмысқа ауысуына байланысты Басқарма құрамынан шығарылды; - Аманжолова Дана Мұратбекқызы, KASE басқарушы директоры, үш жылға өкілеттік мерзімімен (2023 жылдың 08 тамызынан 2026 жылдың 01 шілдесіне дейін) Басқарма мүшесі болып сайланды. Дана Аманжолова Биржадағы еңбек жолын 2019 жылдан бастап Листинг департаментін басқара бастады. 2021 жылы Басқарушы директор, Ақпарат және статистика департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. Дана Аманжолованың қаржы секторында 22 жыл жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде 18 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау агенттігінде еңбек етті. Әр жылдары Дана Аманжолова Стратегия және талдау департаментінде, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда бағалы нарық субъектілерін қадағалау департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды. Қаржы саласындағы еңбек қызметі барысында Дана Аманжолова бағалы қағаздар нарығын дамытуға бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге белсенді қатысты, бағалы қағаздар нарығының субъектілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларын қашықтықтан қадағалауды жүзеге асырды. Осылайша, KASE Басқармасы бес адамнан тұратын болады: - Алдамберген А.Ө., Басқарма Төрайымы; - Мәжекенов Е.Б., Басқарма төрағасының орынбасары; - Саржақов Ж.Н., Басқарма төрағасының орынбасары; - Цалюк А.Ю., Басқарма төрағасының орынбасары; - Аманжолова Д.М., басқарушы директор – Басқарма мүшесі. Осы уақиғаға арналған KASE баспасөз мәлімдемесі жарияланды – https://kase.kz/files/press/kz/2023_08_07_KASE_Management_Board_kaz.pdf [2023-08-07]