Бүгін KASE-де "МФО "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС KZ2P00009947 облигацияларына жазылым жүргізу жоспарлануда

04.08.23 09:12
/KASE, 04.08.23/ Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "МФО "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС (Алматы) KZ2P00009947 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы облигацияларды бастапқы орналастыру жүргізу жоспарлануда. Бұл жазылым көрсетілген облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 5 000 000 АҚШ доллары. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 04 тамызында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 04 тамызы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 04 тамызы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 04 тамызы, Астана қ. уақытымен 15:30-да. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет- ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-08-04]