04 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

03.08.23 15:46
/KASE, 03.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 04 тамызынан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00009843 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb13) облигацияларының KASE- де сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Тоқтата тұру 2023 жылдың 04 тамызында аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралатын аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты. Бұған дейін осы тақырып бойынша 2023 жылдың 20 шілдесіндегі "04 тамызда "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/kz/news/show/1505353/ [2023-08-03]