"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009947 (MFSCb3) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

03.08.23 15:29
/KASE, 03.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 тамызында "Swiss Capital (Свисс Капитал)"" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00009947 ($100, $10,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларды KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 10 шілдесінде 50,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркеген "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFSCb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-08-03]