АНОНС: 17 тамызда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы мен екінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша "Қазақстан Халық Банкі" АҚ конференциясы өтеді

03.08.23 14:04
/KASE, 03.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 03 тамыздағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылғы 17 тамызда Лондон уақыты бойынша сағат 14:00-де / Алматы уақыты бойынша сағат 19:00- де "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы (Халық Банкі) (Лондон биржасындағы тикері: HSBK; Қазақстан қор биржасында: HSBK, HSBKd; Astana International Exchange-де: HSBK, HSBK.Y) 2023 жылдың 1-ші жартысы және 2 тоқсанындағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелерді жариялау үшін банктің топ-менеджментімен талдаушылар мен инвесторлар үшін Zoom конференциясын өткізеді. 2023 жылдың 1-ші жартысы және 2 тоқсанындағы тоқсанындағы аудиттен өтпеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелер 2023 жылдың 16 тамызда жарияланады. Таныстырылымның онлайн-трансляциясына тіркеуден өткен соң Zoom сілтемесі бойынша қосылуға болады.. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_030823_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_030823_rus_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_030823_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-08-03]