/KASE, 31.07.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 31 шілдесінде RG Brands
Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KZ2P00009970 (RGBKb2; 1 000 теңге,
30,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 20,00%, 30/360)
облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңын "облигациялар" санаты
бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 31 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/RGBKb2/
[2023-07-31]