"First Heartland Securities" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

31.07.23 15:52
/KASE, 31.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған аудиттелген және жеке аудиттелген) бекітілсін; - компанияның 2022 жылғы таза кірісі бөлінбесін; - компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FHSE/fhse_special_shareholders_meeting_results_260723_206.pdf [2023-07-31]