/KASE, 31.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) 2023 жылдың
26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі
(шоғырландырылған аудиттелген және жеке аудиттелген) бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза кірісі бөлінбесін;
- компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер
есептелмесін және төленбесін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FHSE/fhse_special_shareholders_meeting_results_260723_206.pdf
[2023-07-31]