АҚ "Qazaqstan Investment Corporation" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

28.07.23 09:40
/KASE, 28.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Qazaqstan Investment Corporation" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 55 000 000 дана; - компанияның 53 585 003 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2023-07-28]