АҚ "First Heartland Securities" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

28.07.23 09:26
/KASE, 28.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "First Heartland Securities" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 54 000 000 дана; - компанияның 8 433 359 жай акциялары орналастырылған; - компания өзінің 149 486 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға JUSAN TECHNOLOGIES LTD болып табылады, оның меншігінде 8 262 711 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,74 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,98 %) бар. [2023-07-28]