28 шілдеден бастап KASE-де QUALCOMM Inc US7475251036 (QCOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

27.07.23 17:36
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE-де репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 31 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін QUALCOMM Inc (АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 31 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 қыркүйегінен бастап қайта басталады. [2023-07-27]