27 шілдеден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

27.07.23 10:47
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 27 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді: Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 27 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді: 1) US912796CR84 ($115 806,0 млн; 23.03.23 – 21.09.23; actual/360), сауда- саттық коды – US_73_2309; 2) US912797HB60 ($46 584,0 млн; 20.06.23 – 17.10.23; actual/360), сауда- саттық коды – US_74_2310; 3) US91282CHD65 ($49 881,0 млн; 31.05.23 – 31.05.25, жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %, actual/actual), сауда-саттық коды – US_75_2505. US912796CR84 және US912797HB60 облигацияларына рұқсат берудің бастамашысы "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады, US91282CHD65 облигациялар – "UD Capital" АҚ. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2023-07-27]