АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
26.07.23 11:54
/KASE, 26.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана,
артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана;
- компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып
алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып
табылады, оның меншігінде 109 130 168 (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,34 %) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай
акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99 %)
және 9 189 460 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 92,85 %) бар.
[2023-07-26]