"Home Credit Bank" АҚ облигацияларының үш шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

21.07.23 17:13
/KASE, 21.07.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 21 шілдесінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) мынадай облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00009892 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 16,50 %; 30/360); - KZ2C00009918 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 16,50 %; 30/360); - KZ2C00009926 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 16,50 %; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары 2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тіркеген "Home Credit Bank" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге төртінші, бесінші және алтыншы болып табылады. "Home Credit Bank" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға сәйкесінше HCBNb9, HCBNb10 и HCBNb11 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-07-21]