"Батыс транзит" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

21.07.23 10:58
/KASE, 21.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 18 шілдесіндегі шешімімен компания Басқармасының құрамына мына кісілердің сайланғанын KASE-ге хабарлады: - Сафарбекова Б.Б.; - Имамниязов Д.Р. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Батыс транзит" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Маутканов Д.А., Қалиев К.П., Айтмұхаметов К.К., Сафарбекова Б.Б., Имамниязов Д.Р. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_board_changes_200723_464.pdf [2023-07-21]