/KASE, 20.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 шілдесінен
бастап KASE-де "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның (Алматы) мынадай
облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
- KZ2C00009371 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты,
KFUSb50; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 14.07.23 – 14.07.24; жылдық купон,
жылдық 12,50%, 30/360)
- KZ2C00009470 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb55;
1 000 теңге; 40,0 млрд теңге; 14.07.23 – 14.07.26, қалқымалы жарты
жылдық купон, 1,09 % + TONIA Compounded, actual/365).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы-
қазақстандық теңге.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/KFUS/
[2023-07-20]