04 қыркүйекте "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

20.07.23 12:13
/KASE, 20.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) KASE-ге 2023 жылдың 04 қыркүйегінде сырттай дауыс беру арқылы мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін хабарлады: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшерін және шарттарын анықтау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_040923_905.pdf [2023-07-20]