19 шілдеден бастап "СиСиЛоун" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007743 (MFCCb1) облигациялары KASE ресми тізімінен олардың жойылуына байланысты алынып тасталды

19.07.23 10:38
/KASE, 19.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 19 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінен "СиСиЛоун" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007743 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFCCb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 03.11.21 – 03.11.23; жартыжылдық купон, жылдық 19,00%; 30/360) олардың жойылуына байланысты алынып тасталғанын хабарлайды. Бұл шешім "СиСиЛоун" микроқаржы ұйымы" ЖШС 2023 жылдың 18 шілдесіндегі хабарламасы мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылдың 13 шілдесінен бастап көрсетілген облигациялардың күшін жою туралы куәлігінің негізінде қабылданды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде 2023 жылдың 13 шілдесінде аталған облигациялардың күшін жою тіркелген. Аталған облигациялар 2021 жылдың 16 шілдесінен бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда- саттық 2022 жылдың 02 ақпанынан бастап ашылды. [2023-07-19]