19 шілдеден бастап "North Caspian Petroleum" АҚ (North Kaspian Petroleum) KZ1C00006899 (NCPR) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады

18.07.23 16:33
/KASE, 18.07.23/ – Қазақстан қор биржасы Листингтік комиссиясының (KASE) 2023 жылдың 18 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінен KZ1C00006899 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, NCPR) "North Caspian Petroleum" АҚ (Норт Каспиан Петролеум) (Атырау) жай акциялары алынып тасталды. Листингтік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 19 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE қорытындысында аталған акцияларды делистингтеу үшін "North Caspian Petroleum" АҚ (Норт Каспиан Петролеум) ақпаратты ашу жөніндегі, атап айтқанда жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей жылдық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті ұсыну жөніндегі талаптарды сақтамауы негіз болып табылатыны атап өтілді. Аталған акциялар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына 2019 жылдың 04 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап ашылды. [2023-07-18]