/KASE, 18.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) KASE-ге 2023 жылдың 17 шілдесіндегі
баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
"Жайықмұнай" ЖШС, Nostrum Oil & Gas PLC еншілес компаниясы ("Nostrum"
немесе "Компания", еншілес компаниялармен бірлесіп – "Топ"), мұнай және
газ өндірумен, сондай-ақ Каспий маңы бассейніндегі мұнай-газ кен орындарын
барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы бүгін
Nostrum Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында "Каменское"
және "Каменское-Тепловско-Токаревское" (""Степной леопард" кен орындары")
кен орындарында көмірсутектерді бағалауға, игеруге және өндіруге 1995 жылдың
3 наурызындағы № 25 келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына
ие "Позитив Инвест" ЖШС ("Позитив Инвест") қатысуының 80 пайыздық үлесін
сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағанын хабарлайды (өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып) ("Позитив Инвестпен" келісім-шарт"). Сатып
алу бағасы 20 млн. АҚШ доллары (Nostrum Oil & Gas Coöperatief U. A. алдындағы
берешектің аз сомасын шегергенде).
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_relizs_170723.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_170723_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-07-18]