/KASE, 17.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 17 шілдесіндегі
баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығында өндірістік қорытындылар
шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары
жүйесі бойынша жеке 21 млн 353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың
І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 394 тоннаға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан
Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың
ұқсас кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға төмендеп, 8 млн 816 мың тоннаны
құрады.Оның ішінде: "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2 млн 857 мың тонна мұнай,"
ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 2 млн 767 мың тонна мұнай,"Павлодар мұнай –
химия зауыты" ЖШС – 2 млн 776 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС –
415 мың тонна мұнай жеткізілді.
"Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі
бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы
І жартыжылдықтың көрсеткішінен 713 мың тоннаға артық.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_170723_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_170723.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_170723_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-07-17]