Tethys Petroleum Limited өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.07.23 14:15
/KASE, 17.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, Tethys Petroleum Limited биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 145 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 50 000 000 дана;
- компанияның 115 075 013 жай акциялары орналастырылған, компанияның
артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және
одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
Компанияның
орналастырылған
осы атаудағы
Жай акциялар, акциялардың жалпы
Атауы дана санындағы үлесі, %
------------------------------------------ ---------------- -------------------
Pope Asset Management 43 015 215 37,38
Olisol Petroleum Limited 24 304 446 21,12
Jaka Partners FZC 17 415 392 15,13
Gemini IT Consultants DMCC 7 950 000 6,91
-------------------------------------------------------------------------------
[2023-07-17]