Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасына 12 шілдеде МЕУКАМ-72 14-ші шығарылымын (KZKD00001210, MUM072_0014) орналастырып, жылдық 13,35 % өтеуге орташа алынған кірістілікпен 34,3 млрд теңге тартты

14.07.23 17:40
/KASE, 14.07.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-72 14-ші шығарылымын (KZKD00001210, MUM072_0014) орналастыру бойынша қайта мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 14 шілдесінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 34 341 343 203,4 теңгені құрады. KASE-нің "Қазақстан Қаржы министрлігі KASE-ге 12 шілдеде МЕУКАМ-72 14-ші шығарылымын (KZKD00001210, MUM072_0014) шығарылымын жылдық 13,35% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 30,5 млн орналастырды" деген жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1504873/ [2023-07-14]