14 шілдеден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CBA80 (US_71_2312) және US912810TL26 (US_72_5211) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

14.07.23 11:11
/KASE, 14.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 14 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді: 1) US91282CBA80 (US_71_2312; $58 385 млн; 15.12.20 – 15.12.23, жарты жылдық купон, жылдық 0,125 %, actual/actual); 2) US912810TL26 (US_72_5211; $64 340 млн; 15.11.22 – 15.11.52; жарты жылдық купон, жылдық 4,00 %, actual/actual). Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ [2023-07-14]