"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 27 маусымда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

05.07.23 18:34
/KASE, 05.07.23/ –Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 05 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", "ҚМГ" немесе "Компания") 2023 жылдың 27 маусымында өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – "АКЖЖ") дауыс беру қорытындыларын жариялайды. ... "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы Дауыс беру нәтижелері бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,"Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі Жанәділ Ернар Бейсенұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, оның орнына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі болып Отыншиев Елжас Мұратұлы сайланды. Осылайша, қазіргі уақытта ҚМГ Директорлар кеңесі 8 (сегіз) мүшеден тұрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтемелер бойынша орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_050723_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050723.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_050723_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-07-05]