"KEGOC" АҚ реттелетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалардың өзгергені туралы хабарлады

10.07.23 15:30
/KASE, 10.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) KASE-ге баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "KEGOC" АҚ) "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы" тетігін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізуге байланысты "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес Компания ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясын беру саласында: ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру және ұлттық электр желісін пайдалану бойынша екі қызметті жүзеге асыратындығы туралы хабарлады. Осы өзгерістерді өзектендіру мақсатында, сондай-ақ электр энергиясының технологиялық шығысын (шығынын) өтеуге және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындардың өсуін ескере отырып, "KEGOC" АҚ 16.06.2023 ж. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (бұдан әрі – ТМРК) компанияның 2022 – 2026 жылдарға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларды өзгертуге өтінім жіберді. ТМРК 2023 жылдың 3 шілдесіндегі №92-ОД бұйрығымен ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша, желіге жіберуді, электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша, "KEGOC" АҚ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді енгізу арқылы ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалардың өзгерістерін 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіле отырып бекітті: ... дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_relizs_100723.pdf [2023-07-10]