"Алтыналмас АК" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

10.07.23 11:08
/KASE, 10.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алтыналмас" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 31 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмейді және төленбейді, компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілмейді. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_results_310523_1418.pdf [2023-07-10]