"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзит мақсатында 2023 жылдың екінші тоқсанында 37,9 мың тонна Ресей мұнайын жөнелтті

05.07.23 12:34
/KASE, 05.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 05 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың II тоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзит мақсатында 37,9 мың тонна Ресей мұнайын жөнелтті. I тоқсанда осы бағыт бойынша ресейлік мұнай транзитінің көлемі 10,7 мың тоннаны құрады. Мұнайды тасымалдау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды жеткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, Ресей мұнайын Өзбекстан Республикасына "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы айдау 2017 жылы басталған болатын. Транзит көлемі 2017 жылы 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті жүзеге асырылмады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтемелер бойынша орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_050723_1_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_050723_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_050723_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-07-05]