"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)"АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

03.07.23 10:46
/KASE, 03.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 29 маусымынан С.С. Аспандияров компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: А.Д. Үшбаев, И.В. Чакалиди, О.А. Жандосов, Д.Х. Қыдырбаев, С.С. Аспандияров. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TPIB/tpib_board_changes_290623_1267.pdf [2023-07-03]