30 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Micron Technology, AT&T Inc. Inc. US5951121038 (MU_KZ) және US00206R1023 (T_KZ) акцияларының сауда-саттығы уақытша тоқтатылды

30.06.23 11:16
/KASE, 30.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 30 маусымынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 шілдеге және одан кейінгі күндерге тиесілі келесі жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды: - US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) Micron Technology, Inc. (АҚШ); - US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) AT&T Inc. (АҚШ). Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша 2023 жылдың 10 шілдесінде дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 шілдесінен бастап қайта басталады. [2023-06-30]