29 маусымнан бастап "Цифра брокер" ЖШҚ мүшеліктен ерікті түрде бас тартуға байланысты KASE мүшелігінен "қор" санаты бойынша шығарылды

29.06.23 10:48
/KASE, 29.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 29 маусымынан бастап "Цифра брокер" ЖШҚ (бұрынғы атауы – "Фридом Финанс "инвестициялық компаниясы" ЖШҚ, Мәскеу) мүшеліктен ерікті түрде бас тартуға байланысты KASE мүшелігінен "қор" санаты бойынша шығарылды. Бұл "Цифра брокер" ЖШҚ бұдан былай KASE мүшесі болып табылмайды және KASE-де қандай да бір құралдармен сауда-саттық жасауға құқығы жоқ дегенді білдіреді. [2023-06-29]