"Шұбаркөл Көмір" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

26.06.23 10:53
/KASE, 26.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Көмір" АҚ (Қарағанды) 2023 жылдың 12 маусымында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылдағы таза кірісі 7 487 389 мың теңге мөлшерінде бөлінбесін; - жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_results_120623_2244.PDF [2023-06-26]