/KASE, 22.06.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001527
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK009_152) облигацияларын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейінгі
мерзімі 277 күн болатын 2 843 241 облигацияны орналастыруды жоспарлады.
Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 2,8 млрд теңге тартты.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында
шығарылды.
Бұған дейін KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында Шығыс Қазақстан
облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001527 (VKK009_152)
және KZMJ00001535 (VKK024_153) облигацияларын орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы
жаңалық жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1503618/
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/gsecs/show/VKK009_152/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-22]