/KASE, 21.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың
23 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде Шығыс Қазақстан облысының
жергілікті атқарушы органының мынадай облигацияларын орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі:
1) KZMJ00001527 (VKK009_152; 1 000 тенге, 2 843 241 000 тенге; 277 күн;
жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) – 2 843 241 дана;
2) KZMJ00001535 (VKK024_153; 1 000 тенге, 5 500 000 000 тенге; 2 жыл;
жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) – 5 500 000 дана.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00 – ден 15:30-ға дейін,
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ден бастап
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден
кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың
"таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып)
туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау
уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2023-06-21]