"Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ өзінің KZ2C00009769 (MFOKb11) әлеуметтік облигацияларын Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы өтеуге кірістілігі жылдық 21,50 %-бен орналастыра отырып, 2,5 млрд теңге тартты

21.06.23 18:52
/KASE, 21.06.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C00009769 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb11; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 02.06.23 – 02.06.25; құбылмалы ай сайынғы купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 21,00 %; 30/360) әлеуметтік облигацияларын жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигациялардың андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастыруға номиналды көлемі 1 200 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 21 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны – 144). Сауда-саттық жүйесіне барлығы 2 533,2 млн теңге көлемінде 145 шектелімді өтінім берілді (номиналды көлемі 2 527,2 млн теңге), оның ішінде өтінімдерді жинау аяқталған кезде 144 өтінім белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 99,2066 % (жылдық 21,50 %) құрады. Сұраным ұсынымнан 2,1 есе асып түсті. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде институционалдық инвесторлардың үлесіне – 39,5 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 0,8 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 59,7 % тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 2 533 228 935,9 теңгеге 2 525 276 облигация орналастырылды. Таза баға номиналдың 99,2066 % құрады (жылдық 21,5000 %). "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-06-21]