"аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады

22.06.23 11:16
/KASE, 22.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) жалғыз қатысушының 2023 жылдың 19 маусымындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады: - қосымша салым енгізу арқылы серіктестіктің жарғылық капиталын 2023 жылдың 01 шілдесіне дейінгі мерзімде 150,0 млн теңгеге дейін ұлғайту. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MFAF/mfaf_decision_sole_190623_1702.PDF [2023-06-22]