/KASE, 16.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) 2023 жылдың 01 маусымында
өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге
хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- Компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза табысы 486 010 969 мың теңге мөлшерінде
бөлінбесін;
- 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_results_010623_21.pdf
[2023-06-16]