"Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

16.06.23 11:10
/KASE, 16.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 31 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылғы дивидендтер бөлінбесін; - компанияның 80 000 жай акциясы шығарылсын; - компанияның 55 000 артықшылықты акциясы бір артықшылықты акцияға бір жай акция есебінен жай акцияларға айырбасталсын. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SABR/sabr_special_shareholders_meeting_results_310523_37423.pdf [2023-06-16]