"CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің 2022 жылғы қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебі жарияланды

15.06.23 16:20
/KASE, 15.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды. 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен): ------------------------------------------- Көрсеткіш 31.12.22 31.12.21 ----------------------- --------- --------- Меншікті капитал 1 406 199 885 134 Жиынтық активтер 4 746 371 3 174 484 Жиынтық міндеттемелер 3 340 172 2 289 350 Таза пайда (таза шығын) 521 065 253 751 ROA, % 10,98 7,99 ROE, % 37,05 28,67 ------------------------------------------- Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "RSM Qazaqstan" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есептілік 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражатының қозғалысын барлық маңызды аспектілерде анық көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/CLSG/clsgf6_2022_rus.pdf [2023-06-15]